13 Қаңтар, 2015

Атырауға Башқұртстан кәсіпорны қызығушылық танытты

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Башкуртстанмен байланыс.АТЫРАУ.13 қаңтар. Атырау облысы мен Ресей құрамындағы Башқұртстан Республикасы арасында іскерлік байланыс жандана бастамақ. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресеймен шекаралас аймақтың бірі – Атырау облысы мен Башқұртстан арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Осы меморандум аясындағы іскерлік байланысты кеңейтуді көздеген Башқұртстандағы «Импульс» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының ғылыми жетекшісі, химия ғылымдарының докторы Олег Пташко облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесуде Атыраудағы еркін эклномикалық аймақта бірлескен кәсіпорын құрудың мүмкіндіктері туралы мәлім етті. «Біз мұнай-газ саласына қажетті химиялық реагенттер шығаратын өндіріс ашуды, сонан соң бизнесті құрылыс материалдары мен өсімдік өсуін реттеуші әзірлеуге диверсификациялауды жоспарлап отырмыз. Бұл жоспарымызды барлық талаптар мен экологиялық нормаларды сақтап, екі-үш жылда іске асыруға болады. Біздің кәсіпорнымыздың ғылыми әлеуеті жоғары, 1996 жылдан бері химиялық реагенттер шығарады. Өзіміздің арнайы екі зертханамыз бар. Ресейдегі және Башқұртстандағы ғылым академияларымен байланысымыз орныққан. Енді біз Атырауда да соңғы технологиялар негізінде химиялық реагенттер шығарумен бірге, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында да екі жаққа тиімді жобаларды іске асыруға ниеттіміз», – деді Олег Пташко. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz.