Кино • 15 Мамыр, 2024

Әлем назарында – қазақ киносы

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық киноны қолдау орталығы алғаш рет 77-халықаралық Канн кинофестивалі аясында «Marche Du Film» кинонарығына қатысып жатыр.

Әлем назарында – қазақ киносы

Қазақстан делегациясы қа­тысушыларға «Кazakhcinema» стен­­­дін ұсынды. Стенд­те отан­дық кино­өндіріс, Ұлт­тық киноны қол­дау орта­лығының қыз­меті, сондай-ақ болашақ жобалар туралы мәліметтер көрсетілген.

«Кazakhcinema» шетелдік фильмдер өндірісін субсидиялау жүйесін (рибейт) танымал етуге назар аудара­ды. Оның құқықтық негізі Қа­зақстан Республикасының «Кинематография туралы» заңының қабылдануымен қам­тамасыз етілген.

Біздің «Marche Du Film» нарығына қатысудағы негізгі мақсатымыз – бірлескен кино­өндірісті дамыта отырып, ше-т­ел­дік серіктестерді тарту, сон­дай-ақ отандық фильмдердің танымалдылығын арттыру.

Айта кету керек, еліміз Ха­лықаралық кино на­ры­ғына үздіксіз қатысып келеді. «Marche Du Film» 1959 жылы құ­­рылған, жыл сайын Канн кинофестивалімен қатар өтеді.

Аталған ауқымды мәдени іс-шара – киноиндустрия әлемін­дегі ең маңызды оқиға­лардың бірі.  Кинонарық 23 ма­мырға дейін жалғасады.