13 Қаңтар, 2015

Батысқазақстандық зергер «Алтын қайық» жүлдесін иеленді

661 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
IMG_9528АТЫРАУ. 13 қаңтар. Атырауда батысқазақстандық зергер Төлепберген Сарманбековке «Алтын қайық» жүлдесі мен 280 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл жүлде Атыраудағы «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2011 жылдан беріліп келеді. Қор директоры Нұрберген Дәулетовтің айтуынша, басты мақсат – бейнелеу өнері шеберлерін ынталандырып, туындыларының алыс-жақын шетелдерге таныстыратындай сапалық деңгейін көтеру. «Алтын қайық» жүлдесін иеленуге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының бейнелеу өнерінің шеберлері қатыса алады. Биылғы «Алтын қайық» номинациясын иелену үшін төрт облыстан оннан астам үміткер қатысты. Олардың бір жылдық жұмысын саралаған комиссия шешімімен атыраулық Әділқайыр Жантасовқа «Үздік кескіндемеші», батысқазақстандық Асхат Әбдешовке «Үздік графика», батысқазақстандық Төлепберген Сарманбековке «Үздік зергерлік бұйым», батысқазақстандық Ерғали Бекешовке «Үздік мүсін», атыраулық Нұрсұлтан Қалиевқа «Үздік қолөнер» аталымы берілді. Сонымен бірге, «Жыл жаңалығы» жүлдесіне атыраулық Әділқайыр Жантасов ие болды. Бұлардың бәріне арнайы диплом мен 120 000 теңгенің   сертификаттары табысталды. Бас жүлде – 976 грамдық салмақты құрайтын, 24 карат таза алтын жалатылған «Алтын қайық» статуэтка мен 280 000 теңгелік қаржылай сыйақыға батысқазақстандық зергер Төлепберген Сарманбеков лайық деп табылды. Ол бұл конкурсқа алтын жалатылған сәукелені ұсынған екен. «Мен бұған дейін осы конкурсқа екі рет қатысқан едім. Енді міне, үшінші жылы «Алтын қайық» жүлдесін алдым. Еңбегім жанды» деп өз қуанышымен бөлісті зергер Т.Сарманбеков. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz.IMG_9529 DSC_0373 DSC_0407 IMG_9510