Оқиға • 16 Мамыр, 2024

«Аяқ киімде қалған қанды із». Үш адамның өмірін қиған қылмыс ашылды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы желтоқсан айының соңында Петропавлда үш адамның өмірін жауыздықпен қиған қылмыс қоғамды дүр сілкіндірген еді. Күдіктілер бастыпқыда қылмысты мойындамағанмен, криминалист Сергей Матвеев қызметте қырағылық танытып қылмыстың ізін ашты, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Аяқ киімде қалған қанды із». Үш адамның өмірін қиған қылмыс ашылды

Фото: polisia.kz

Оқиға орнын қарап-тексеру кезінде бас криминалист Сергей Матвеев қылмыс іздерінің мұқият жойылғанына назар аударды.

Алайда кәсіби маманның қырағылығының арқасында бөлмедегі еденнен аяқ киімнің қанды іздерін байқап қалады.  

Осы қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғыны ұсталғанымен, олар айыпты мойындамаған еді.

Алайда криминалист Сергей Матвеев оқиға орнынан алынған аяқ киім ізі мен күдікті адамдардың бірінің аяқ киіміне салыстырмалы зерттеу жүргізу кезінде қылмыскерді анықтады. Зерттеу бірден оң нәтиже берді. 

Осылайша, бас криминалистің еңбегі күдіктілерге жасаған қылмысын мойындатты. Қазіргі уақытта ұсталған адамдар сот шешімін күтіп жатыр.