Фото: aigak.kz
«Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды.
Айта кетейік, Ақан Ақасұлы бұған дейін де министр орынбасары лауазымында жұмыс істеген. Кейінгі рет 2022 жылы бұл қызметтен босатылды.