Аймақтар • 17 Мамыр, 2024

Шымкент тұрғыны 100 есекті сойып, етін Қытайға өткізбек болған

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте есек бағып, оны белгіленбеген орында сойған кәсіпкерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент тұрғыны 100 есекті сойып, етін Қытайға өткізбек болған

Кazinform жазғандай, қала тұрғыны есек етін Қытайға экспорттамақ болған.

Әлеуметтік желіде есектерді белгіленбеген орында сойып жатыр деген видео тарады. Автордың айтуынша, бейнежазба Шымкенттегі Құрсай шағынауданында түсірілген.

«Бұның бәрі неге жүр? Міне, оларға жуынды береді. Тойханадан ба, бір жақтан алып келеді-ау шамасы. Оны сойған, дәлел ретінде мына шұңқырда есектің сирақтары, ішек-қарны жатыр. Ауру қайдан тарайды? Әрине, осы жерден... Ветеринариялық инспекция мамандарын, полицияны шақырдық»,-дейді видео авторы.

Аталған бейнежазбаны Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қалалық инспекциясындағылар дереу назарға алған. Оқиға 12 мамырда болған.

Кәсіп иесінің мамандарға берген жауабына сәйкес, ол бұл жерде 104 бас есек пен 36 ұсақ мал ұстаған.

«Жүргізілген тексеру жұмысына сәйкес кәсіпкер 4 есекті белгіленбеген орында сойғаны анықталды. Ал оның етін тоңазытқышта сақтаған. Бізге берген жауабында ол мал етін жинап, Қытай еліне экспорттамақ болғанын айтты. Сойылған еттің барлығын біз алдық, оны жою жұмыстары жүріп жатыр. Біздің заңнамада есек асырауға тыйым салынбаған. Бірақ оны арнайы бекітілген орында сою керек. Бұл талапты орындамағаны үшін (Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 406-бабы) кәсіп иесіне айыппұл салынды»,-деді Шымкент қалалық ветеринариялық бақылау инспекциясының бөлім басшысы Сырым Қарабеков.

Ал қала тұрғынына Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 505-бабымен хаттама толтырылған.