Оқиға • 17 Мамыр, 2024

Ақмола облысында көлік аударылып, екі адам қаза тапты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік аударылып, салдарынан екі адам қаза тапты, үшеуі түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында көлік аударылып, екі адам қаза тапты

Фото: Ақмола облысы ІІД

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Алматы-Екатеринбург тасжолының 1347-шақырымында Түрген ауылының маңында болған.

«Chevrolet Cobalt көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, шұңқырға аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі жолаушы алған жарақаттарынан аудандық ауруханада көз жұмды. Жүргізуші мен қалған екі жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Қазір сараптама тағайындалып жатыр», деп атап өтті полиция департаменті.

Облыстық полиция қылмыстық іс қозғады. Жалпы басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері облыста 15 көлік аударылған. Үш адам қаза тауып, 16 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

Полицейлердің айтуынша, мұндай апаттардың бірнеше себебі бар. Олардың бірі − ауа райының қолайсыздығы. Сондай-ақ жүргізушілердің рульде ұйықтап қалуы жиі кездеседі. 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті