Бокс • 17 Мамыр, 2024

Өзбекстаннан келген Аман Қонысбеков бұрынғы командаласынан жеңілді

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

71 кг салмақ дәрежесінде ел құрамасы сапына жаңадан қосылған Аман Қонысбеков «Елорда кубогі ІІІ» халықаралық турнирінде бұрынғы командаласы, Өзбекстан чемпионы Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстаннан келген Аман Қонысбеков бұрынғы командаласынан жеңілді

Фото: Қазақстан бокс федерациясының телеграмм арнасынан

Аман Қонысбеков Өзбекстанның Новоий облысында дүниеге келіп, 2024 жылға дейін сол елдің чемпионатында өнер көрсетті. 

«Елорда кубогі ІІІ» турнирі ол үшін Қазақстан туы астында жұдырықтасқан алғашқы ресми жарысы болды. 

Аман Қонысбектің жолы жартылай финалда ақпан айынан бері жеңілмеген, Өзбекстан чемпионы Хавасбек Асадуллаевпен тоғысты. 

24 жасар өзбек боксшысы бірінші, үшінші раундтарды өз пайдасына шешіп Аман Қонысбековтен басым түсті.

Осылайша, отандасымыз Аман Қонысбеков «Елорда кубогі ІІІ» халықаралық турнирінің қола жүлдесін қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Еске салайық, ел боксшысы алғашқы дебютінде қырғыз қарсыласын бір раундта екі рет нокдаунға жіберіп, жарқын жұдырықтасқан еді.

оо

зз