Бокс • 13 Мамыр, 2024

Қазақстан құрамасының жаңа боксшысы дебютте қарсыласын нокдаунға жіберді

1038 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген қандасымыз Аман Қонысбеков осы жылдың ақпан айында Қазақстанға қоныс аударғаны хабарланған еді. Бүгін ол Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет шаршы алаңға шықты. Аман Қонысбеков алғашқы раундта қырғыз боксшысын 2 рет нокдаунға жіберді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан құрамасының жаңа боксшысы дебютте қарсыласын нокдаунға жіберді

Фото: Скриншот

«Елорда кубогі ІІІ» халықаралық турнирінде 71 келі салмақта сынға түскен Аман Қонысбаев жекпе-жекті сәтті аяқтады. 

Ол Қырғызстан өкілі Азат Иманберліні бірінші раундта 2 рет нокдаунға жіберді. Ел боксшысы екінші раундты да жеңіспен қорытындылады. Есеп - 4:1. Үшінші раундта қырғыз боксшысы 3 төрешінің басым дауысын иеленді.

Жалпы нәтижеде отандасымыз Аман Қонысбаев жеңіске жетті.

Енді ол ширек финалдық жүздесулерде жапон боксшысына қарсы рингке шығады. Бұл кездесу 15 мамырда өтеді деп жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, бүгін Астанада «Елорда кубогі ІІІ» халықаралық турнирі басталды. Байрақты бәсекеде әлемнің 11 елінен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынап жатыр.