Бокс • 20 Ақпан, 2024

Өзбекстан чемпионатында өнер көрсеткен боксшы Қазақстанға қоныс аударды

4221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген қандасымыз Аман Қонысбеков Қазақстанға көшіп келді, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстан чемпионатында өнер көрсеткен боксшы Қазақстанға қоныс аударды

Фото: instagram.com/amankonsbekov

Бұл туралы әлеуметтік желіде qandas_sportshilar арнасы хабарлады.

Аман Қонысбеков Өзбекстанның Навоий облысы, Зафарабад ауылында дүниеге келген. Көрші ел чемпионатында 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрді. Ол өткен жылы аталған салмақта Өзбекстан біріншілігінің жартылай сынында Асадходжа Муйдинходжаевты бірінші раундта нокдаунға түсіргенмен, финалға өте алмаған еді. 

Боксшы Астанаға тұрақтаған. Алайда ол ел чемпионатында Түркістан облысының атынан сынға түсуі мүмкін. 

Қазіргі уақытта Аман Қонысбеков еліміздің былғары қолғап шеберлерімен қатар Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан намысын 71 кг салмақ дәрежесінде әлемдік додаларда ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов қорғап жүр.