Мәдениет • 17 Мамыр, 2024

IV Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы өтті

183 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

16 мамыр күні философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында  Павлодар облысы Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыкалық мектебінде республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті, деп жазады Egemen.kz.

IV Республикалық «Мәшһүр Жүсіп  оқулары»  байқауы өтті

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шығармашыл жас өрендер додасын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен төртінші рет республикалық деңгейде өткізіп жатыр.

Сайысқа 13 облыстан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және бір республикалық білім беру ұйымынан 63 үміткер қатысты. Қазылар алқасының шешімі негізінде 33 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: Бас жүлде – 4, І орын – 4, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 15.

Ақындар додасы 4 номинация бойынша өз жалғасын тапты.  «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» - ғылыми жоба қорғау. «Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» - эссе жазу. «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» сипаттау бағыты. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» -  ақындар мүшәйрасы.

Ақындар мүшәйрасында Бас жүлдені Павлодар облысы Ақсу қаласы Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы  Тіленіш Еркебұлан жеңіп алды. 

«Еркебұлан байқауларға 11 жасынан бастап қатысып келеді. Қазір Ақсу қаласы, Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы. Өте дарынды, әдебиетке жақын бала. Облыстық Мұқағали, Махамбет, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр оқуларының Бас-жүлде иегері. Республикалық Махамбет, Мәшһүр оқуларының жеңімпазы. Республикалық Абай, Мұқағали оқуларына жолдама алған. Өлеңдері облыстық, Республикалық газет-журналдарда, онлайн порталдарда жарияланған», деді жетекшісі Алмас Ақтасов. 

«Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»  сипаттау бағытында - Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрқуат Айбұлақ екінші орынды қанжығасына байлады.  Нұрқуат Айбұлақ 2022-2023 оқу жылында Алматы облысыннан Май ауданы, «Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» КММ 10- сыныпқа келді. 2022 жылғы қазан айында облыстық «Мағжан оқулары» сайысына қатысып 1 орынға ие болды. Одан кейін «Әбіш оқуларына» қатысушы атанып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына арналған «Әлемге аты мәлім Мәшһүр Жүсіп» атты облыстық байқаудан «Ғибратнама» шығармасын жатқа айтып,  Бас жүлде иегері атанды.  2024 жылы облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқуларының» Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытында Бас жүлдеге ие болып, республикалық кезеңге  жолдама алды. 

«Айбұлақ өз жобасында Мәшһүр Жүсіптің шығармаларындағы Шоң бидің нақыл сөздері мен Шоң туралы естігенінің сақталғаны жайлы баяндады. Қорғаған тақырыбының атауы: «Шоң би Едігеұлы». Биылғы оқу жылында Айбұлақ 11 - сынып түлегі, алғыр, мақсат - армандары көп»,  деді жетекші ұстазы Зауреш Иманбаева.  

Сонымен қатар байқау қатысушылары мен жетекшілері Баянауыл жерінде орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне барды.

Республикалық іс-шара аясында қатысушыларды дайындаған мұғалімдерге «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: ұлттың танымдық және саналық көрінісі»  тақырыбында өткізілген семинарда Торайғыров Университеті кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жүсіпов Нартай Қуандықұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Елікпаев Серік Төлеубайұлы; Торайғыров Университеті филология ғылымдарының кандидаты, профессор Капасова Бахытгүл Касымбаевна әдістемелік дәріс оқыды.

Іс-шара қатысушыларына сертификаттар табысталды.

hh

hh

jj

kk