Алматы • 20 Мамыр, 2024

«Дабыл қағылады»: Төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу жолдады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 мамырда сағат 10:00-де Алматыда жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дабыл қағылады»: Төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу жолдады

Фото: Orda.kz

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, дыбыстық-сиреналық қондырғылар іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп шоғырланатын орындарда азаматтарды алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға ғимараттардан эвакуациялау элементтерін сынау арқылы объектілік сейсмикалық дайындық жүргізіледі.

«Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті үрейленбеуді, ғимараттардан (пәтерлерден, тұрғын үйлерден, ойын-сауық орындарынан) эвакуациялау элементіне жаттығуға қатысуды сұрайды», деп сұрады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД хабарлауынша, Алматы сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан төтенше жағдай кезінде және одан кейін әрекет етуге әрбір азаматтың жеке дайындығы үлкен маңызға ие.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті