Қоғам • 20 Мамыр, 2024

Көлікті техникалық бақылаудан өткізу саласында заң бұзушылық көбейді

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері көлік құралдарын техникалық бақылаудан өткізу ережелерін сақтамаған операторларға 270 хаттама толтырылған. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлікті техникалық бақылаудан өткізу саласында заң бұзушылық көбейді

Фото: freepik.com

«Тексеру операторлары тарапынан заң бұзушылық фактілері көбейген. Мәселен, 2023 жылы механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігін бекіту туралы бұйрықты бұзғаны үшін операторларға 394 әкімшілік хаттама жасалып, 8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар 2024 жылдың 4 айында міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұзғаны үшін 270 әкімшілік хаттама толтырылып, 7,8 млн теңге айыппұл салынды», деп хабарлады ведомство.

Министрліктің мәліметінше, 10-нан 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынғанымен, операторлар заңды бұзуды әлі де тоқтатпады.

«Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 616-бабын бұзғаны үшін айыппұлды 30-дан 100 АЕК-ке дейін арттыру қарастырылып жатыр», деп қосты министрлік өкілдері.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті