Экономика • 20 Мамыр, 2024

Ұлттық экономика министрлігі сән-салтанат салығы қалай есептелетінін айтты

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексін дайындау барысында кедендік құны 75 млн теңгеден асатын көліктерге салынатын салық көлемін арттыруды көздеп отыр, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz - ке сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігі сән-салтанат салығы қалай есептелетінін айтты

Фото: inbusiness.kz

Ұлттық экономика министрлігі «сән-салтанат» заттарының бағасына сай салықты да жоғарылату ұсынысын талқылап жатыр. 

Оның ішінде, жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының мөлшерін көбейту жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ құнды теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу ұсынысы да енгізілген. Соңғы тәсілдер жаңа Салық кодексінің жобасына кіріктіріледі», делінген Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.