Оқиға • 20 Мамыр, 2024

Көршісінің атынан 6 несие рәсімдеген тұрғын ұсталды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

34 жастағы Астана тұрғыны көршісінің атынан заңсыз 6 несие рәсімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көршісінің атынан 6 несие рәсімдеген тұрғын ұсталды

Фото:Polisia.kz

Тұрғын екі банктік несиені мобильді банкинг арқылы, қалғанын шағын несие ұйымдарынан алған.

«Анықталғандай күдікті көршісімен сенімді қарым-қатынаста болған және оның жұмыс іздеп жүргенін білген соң, ол оған көмектеспек болған сыңай танытқан. Сөйтіп көршісінің жеке деректерін иемденіп алған күдікті жалпы сомасы 4 миллион теңгеге онлайн несие алған. Қазір Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғады», делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Күдікті алаяқтық іс-әрекетті жасағанын мойындады. Сондай-ақ оның Астанада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті