16 Маусым, 2010

БЕЛАРУСЬ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Беларусь Республикасының Отанымыздағы Төтенше және өкілетті елшісі Валерий Брылевті оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабар­лады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы елшінің Қазақстандағы диплома­тиялық қызметінің басталуымен құттықтай келіп, халқымыз “Ел­дестірмек – елшіден” дегендей, қос мемлекеттің арасындағы ынты­мақтастықты нығайтуда елшінің атқаратын рөлі зор екенін айтып өтті. Тараптар бүгінгі таңда елдер арасында ықпалдастық байланысқа баса мән беріліп отырғаны жөнін­де, екі жақты қарым-қатынасты арттырудың жолдары және Кеден одағының келешегі туралы пікір алмасты. Кездесуде парламентаралық ынтымақтастық мәселелері де сөз болды. Осы орайда елші Мәжіліс Төрағасына Беларусь Респуб­ли­ка­сының Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченконың қазақстандық әріптесін өзіне қолайлы уақытта ресми сапармен еліне келуге шақырған хатты табыс етті.