Аймақтар • 21 Мамыр, 2024

Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ең алдымен көктемгі су тасқыны салдарынан 14 үй зардап шеккен Жалаулы ауылына барды. Олардың бесеуі комиссияның шешімімен тұруға жарамсыз болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барды

фото: gov.kz

Өңір басшысы биік жерге салуды тапсырған тұрғын үйлердің сапасын тексерді.

Үйлердің құрылысы сәуір айының басында басталды. Құрылыста 30 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Қазір барлық 5 үйдің қабырғалары бой көтерді. Екі үйде жұмыстар 90% орындалды, бөлмелерді әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған үйлерде жұмыстар жалғасуда. 5 жаңа үйдің құрылысына қаражатты ERG тобы бөлді.

Облыс әкімі үйлерді толығымен аяқтауды тапсырды.

«Мен үшін үйлерді жерлестері алдында парызы мен жауапкершілігін сезінетін осы аудандағы жауапты кәсіпкердің салуы маңызды болды. Үйлер жылыту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Құрылысшылар заманауи және сапалы құрылыс материалдарын пайдаланып жатыр. Жаңа тұрғын үйлердің кілттерін иелеріне осы жылдың шілде айында табыстауды жоспарлап отырмыз», деді өңір басшысы.

Аймақ алғашқылардың бірі болып, 28 наурыз бен 12 сәуір аралығында су тасқыны кезінде мүлкі әртүрлі дәрежеде зардап шеккен облыс тұрғындарынан түскен барлық 125 өтінім бойынша өтемақы төледі.