Білім • 21 Мамыр, 2024

Соттылығы бар қызметкердің мектепте жұмыс істеуі: Қандай шаралар қабылданды?

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қылмыстық соттылығы  және психикалық ауытқулары бар адамдарды мектеп пен балалар лагерлеріне жұмысқа орналастыру фактілері бірнеше рет анықталды. Ғани Бейсембаев мұндай оқиғалардан кейін министрлік қандай шара қолданғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соттылығы бар қызметкердің мектепте жұмыс істеуі: Қандай шаралар қабылданды?

Фото: Zakon.kz

«Білім беру ұйымдарына қызметкерлерді іріктеу тетігі әзірленді. Қазірдің өзінде 120 мың қызметкер оқытылды, тағы 12 мың ерікті жұмысқа тартылды – бұл жоғары оқу орындарының да, колледждердің де соңғы курс студенттері. Олар да оқудан өтті. Енді бұл ұйымдарға қабылданатын барлық қызметкерлер белгілі бір сүзгіден өтеді», деді министр.

Сонымен қатар министр бүгінде қызметкерлерді іріктеу жұмысы толығымен автоматтандырылған арнайы платформа әзірленіп жатқанын тілге тиек етті.

«Жұмыс өткен жылдың күзінде басталды. Автоматтандыру - түрлі интеграциялар бар өте ұзақ процесс. Сондықтан биыл бұл бағдарламаны толық аяқтап, келесі жылдан бастап бұл мәселе толығымен автоматтандырылады деп сенемін», деп қосты Ғани Бейсембаев.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті