ҚОСТАНАЙ. 14 қаңтар. Қостанай облысында 2014 жылы 81 адам бала асырап алды. Бұл өткен жылға қарағанда 24 пайызға аз. Бұл туралы ng.kz хабарлады.
Жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған сот өткен жыл бойына бала асырап алу жөнінде 81 азаматтық іс қараған. Алдыңғы жылы 107 осындай іс қарағалған болатын. Мамандандырылған сот төрағасы Айзада Жәнібекованың айтуынша, 43 кісі балалардың туысы болып табылады. 29 адам ата-ананың қамқорлығынсыз мемлекеттік мекемеде қалған балаларды асырап алды.
Былтыр тек 4 бала ғана шет ел азаматтарының асырап алуына берілді. Мұхит асқан балалардың екеуінің жасы 3-те және екеуінің жасы 5-те. Баланың екеуін канадалық жұбайлар алып кеткен.
Мамандандырылған сот төрағасы Айзада Жәнібекова: «Екі баланың да дамуында психикалық ауытқушылық болған. Бірақ канадалық ата-аналар одан қорыққан жоқ, көп уақыт араласқаннан кейін балаларды Рудный интернатынан алып кетті. Германияға кеткендердің осында жетім қалған екі баласын олардың тустары, яғни сол елдің азаматтары асырап алды».
Бала асырап алуға берген 7 арыз әлі қаралмаған. Істі қарауға дайындап жатқанда белгілі болғанындай, арыз беруші баланың өзінің әкесі болып шықты. Ол үшін тиісті орындар арқылы әлгі адам әкелік құқын қалпына келтіруі қажет. Ал екі іс бойынша баланың биологиялық әкесіне баласын асырап алуға келісім берілген жоқ.
Ата-ана мен балаға қатысты жыл бойына 351 іс келіп түскен. Олардың ішінде 202 арыз ата-аналық құқынан айыруды сұрайды. Бұл барлық істің 42 пайызын құрайды. Сот төрағасы түскен арыздар көбіне баланың емес, ересектердің мүддесін ойлайтынын қынжыла айтты. Мысалы, баланың биологиялық әкесі маскүнем, бірақ ол наркологиялық диспансерде есепте тұрмайды. Мұндайда судьяларға талапкердің арызын қанағаттандырмауына тура келеді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: ng.kz.
Сурет: aikyn.kz.

Наурыз айында қандай автокөліктер көп сатылды?
Қоғам • Бүгін, 12:42
Олжас Бектенов: Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет
Үкімет • Бүгін, 12:38
Қызылордада есірткі сатқан азамат 8 жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Еуроодақ Венгрияның жаңа билігіне 27 түрлі талап қойды
Әлем • Бүгін, 12:02
Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны 8,5%-ға дейін жеделдеді
Экономика • Бүгін, 11:57
І тоқсандағы экономикалық өсімді өңдеу, құрылыс, көлік және сауда салалары қамтамасыз етті
Экономика • Бүгін, 11:39
Көлік көп, орын аз: Автотұрақ мәселесі қалай реттеледі?
Қоғам • Бүгін, 11:33
Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті
Экономика • Бүгін, 11:00
Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды
Инвестиция • Бүгін, 10:50
Сақ болыңыз: Банктер мен мемлекеттік органдардың жалған сервистері пайда болды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіледі: Жаңа талаптар қандай?
Қоғам • Бүгін, 10:24
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:48