Фото: gov.kz
Сенатор Евгений Больгерт Қазақстан мен Германия депутаттарының ынтымақтастығы парламентаралық байланыстарды дамытуға ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Парламенті мен Бундестагтың басшылығы және депутаттары деңгейінде бұдан былайғы сапар алмасу біздің елдеріміздің стратегиялық әріптестігін тереңдететіні туралы айтылды.
«Біз парламентаралық ынтымақтастықпен қоса ГФР-мен тәжірибе алмасуға да мүдделіміз. Біз Германия басшылығының елімізге және Орталық Азияға деген ынта-ықыласын бағалаймыз. Сонымен қатар бұрын сіздің партияңыз Бундестагтағы парламенттік фракциясы бағыт-бағдар тұрғысында «Орталық Азия: көпір салу және мүмкіндіктер беру» құжатын қабылдаған болатын. Онда көрсетілген тәсілдерді іске асыру ГФР-ның Қазақстанмен ынтымақтастығын дамытуға зор серпін берер еді», деді сенатор Е.Больгерт.
Сенаторлар кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясаты туралы әріптесіне айтып берді. Қатысушылар энергетика, инвестиция, жасыл экономиканы дамыту және т.б. салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.