Әлем • 22 Мамыр, 2024

Вьетнамда жаңа президент сайланды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Вьетнам Ұлттық ассамблеясы (бір палаталы парламент) елдің жаңа президентін сайлады. Мемлекетті енді Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі То Лам басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz 

Вьетнамда жаңа президент сайланды

Фото: VNA

То Ламды Вьетнам президенті етіп сайлау туралы қарарды отырысқа қатысқан Ұлттық жиналыстың 473 депутатының 472-сі қолдады.

Саясаткердің ел президенті лауазымына ұсынылған кандидатурасын Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті 16-18 мамыр аралығында Ханойда өткен кезекті пленумда мақұлдады.

То Лам 21 мамыр күні бұған дейін атқарған қоғамдық қауіпсіздік министрі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Вьетнамда мемлекет басшысының орны сәуірде Ұлттық жиналыстың бекітілген қарарына сәйкес Во Ван Тхуонг ел президенті қызметінен босатылғаннан кейін бос қалды.