«Таза Қазақстан» • 22 Мамыр, 2024

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында 67 мыңнан астам тұрғын акцияға қатысты

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында жалпыұлттық көше тазалау шаралары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында 67 мыңнан астам тұрғын акцияға қатысты

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

«Тазаөлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарында 1408 ауқымды іс-шара өткізіліп, оған 67 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Сондай-ақ облыс бойынша 150 мың түп ағаш отырғызылып, 175 мыңға жуық ағаш әктелді. Сонымен қатар 40 024 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы тазартылып, 346 саябақ пен сквер ретке келтірілді. Қаланың барлық аудандарында 302 мыңнан астам жеке тұрғын үйлер мен 1767 әлеуметтік нысандардың аулалары тазартылып, су мен өзендерді тазарту жұмыстары жүргізілді.

Бүгін экоакция Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округінде орналасқан «Мәңгілік Ел» саябағында жалғасты. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, ауданның белсенді жастары, еріктілер мен ауыл тұрғындары қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды.

Тазалық науқанында қатысушылар 10 га саябақ аумағын қоқыстан тазартып, шөп шабу және ағаш кесу жұмыстарын жүргізді. Ауыл ақсақалдары Мемлекет басшысының бастамасымен атқарылып жатқан барлық тазалық жұмыстарына оң бағасын беріп, ауыл тұрғындарына алғыстарын білдірді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті