Оқиға • 22 Мамыр, 2024

Алматы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сот процесі басталды

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Алматы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сот процесі басталды

Фото:gov.kz

Наиля Мулюковаға қатысты қылмыстық іс Медеу ауданының №2 сотына түсті. Оған 92 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген айып тағылып,  Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша сотталып жатыр:

  • 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу»;
  • 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы «Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану»;
  • 364-баптың 1-бөлігі «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу».

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті