Президент • 22 Мамыр, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапурге барады

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапурге барады

Фото: akorda.kz

«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр», делінген ресми хабарламада.