Фото: @jenis_qasymbek
«Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездестім. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды. Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде», деп жазды Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Әкім Ақанға планшет пен бір миллион теңгені сыйға тартты. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсететінін атап өтті.