Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өрт орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны анықталды.
«Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Өрт қоңырау түскен сәттен бастап 22 минут ішінде сөндірілді. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады», деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті