Білім • 23 Мамыр, 2024

Оқу мен өндірістің байланысы

73 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ш.Есенов университеті мен «Қаражанбасмұнай» АҚ арасында өзара ынты­мақтастық пен түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл аталған жоғары оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасуына жаңа мүмкіндік бермек.

Оқу мен өндірістің байланысы

Құжатта Маңғыстау об­лы­сының өнеркәсіп сала­сын­дағы еңбек ресурсы­ның сұранысына сай өңірдің әлеу­меттік-экономикалық да­муына білікті кадр даярлауға ерекше назар аударылған. Сондай-ақ ол жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өндіріске бейімделуін іске асыратын өндіріс пен оқу орны арасындағы алтын көпір болмақ.

– Біз облысымыздағы маң­­дайалды білім ордасымен тығыз әріптестік байланысымызды жаңа ба­ғыт­та дамытпақпыз. Заман сұ­ранысына сай алғыр да талапты жас мамандардың өл­ке өндірісін көтеруге тың серпін беріп, компаниямызды дамытуға сүбелі үлес қо­сады деп сенеміз. Қос та­рап­тың бірлескен жобасы талай жасты өз ісінің шеберіне айналдырары анық, – дейді ҚБМ бас директоры Марат Елеусінов.

Меморандумдағы шарт негізінде университет түлектері жұмысқа орналасу үшін «Қаражанбасмұнай» АҚ-да қалыптасқан бос жұмыс орын­­дарының жалпы са­ны­ның «20%» қағидаты бо­йын­ша үш айлық сынақ мер­зімінен кейін аутстаффингке қабылданады. Жұмысқа қабылдануға үміткердің GPA деңгейі 3,67-ден кем емес немесе үздік диплом иесі, жасы 18 бен 34 аралығында болуы керек. Сонымен қатар жас мамандарды таңдауда олардың түрлі ғылыми жобалар мен байқаулардағы жетістіктері, ғылыми же­тек­­ші­лерінің ұсынысы және бұ­ған дейін аталған кен орнында тәжірибеден өткені де ескеріледі.

Ш.Есенов университеті мен «Қаражанбасмұнай» АҚ арасында кәсіби мамандар даярлауда бұрыннан байланыс орнаған. Айталық, 8 білім бағдарламасы негі­зінде дуалды оқыту жү­йесін бірлесіп жүзеге асырып ке­леді. Сондай-ақ компания әлеуметтік осал топ саналатын білім алушылардың оқу төлемін төлейді. Жоғары оқу орнындағы ғылыми-зерттеу зертханасының ашылуына қолдау көрсетті.

«Қаражанбасмұнай» АҚ бірнеше жылдан бері жас­тардың өз қабілетін көрсетуі мен дамытуына мол мүмкіндік берді. Бү­гінге дейін тәжірибеге бағыт­талған оқу жобасы аясында 100-ге жуық Ш.Есенов уни­верситеті мен колледжі сту­денті теориялық білімін өндірісте қолданды.

 

Ләйлім ТАЙЖАНОВА,

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессор ассистенті, PhD

 

 Ақтау