Музей • 22 Мамыр, 2024

Ұлттық музей – Қытайда

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық музей күні аясында Сиань қаласындағы Шэньси тарихи мұражайында «Чанъаннан бастап: Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгеніне 10 жыл толғанын мерекелеу» көрмесі ашылды.

Ұлттық музей – Қытайда

Аталған экспозиция б.з.д. ІІ ғасырдан б.з.д. XVI ға­сырға дейінгі кезеңді қам­тиды. Қо­йыл­ған мұралар Жібек жолы бо­­йындағы қала құрылысы, діни нанымдар, сауда және бейнелеу өнеріне арналған.

Айта кетейік, көрме 2014 жылы Қазақстан, Қы­тай және Қыр­ғызстан бір­лесіп, Чанъань – Тянь-Шань дә­лі­зіндегі Ұлы Жібек жолының ЮНЕСКО мәдени мұра тізіміне енгізіл­ге­нін еске алу мақсатында ұйым­дастырылып отыр.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Цинь және Хан өркениеті» халықаралық симпозиумы өтті, онда Ұлттық музейдің Қазақстан тарихы бөлімінің басшысы Айнұр Ақжасарова «Ұлы Жібек жолы мұрасы» тақырыбында баяндама жасады.

Көрме 18 тамызға дейін жалғасады.