Спорт • 22 Мамыр, 2024

Францияда күміс алды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ұлттық құрамасы Францияның Сен-Мор-де-Фосседе қаласында семсерлесудің шпага түрі бойынша өт­кен Әлем кубогінің кезеңдік сайысын қола медальмен қоры­тын­дылады.

Францияда күміс алды

Құрамында Руслан Құр­банов, Елмир Әлім­жанов, Вадим Шар­лаимов және Ерлік Сертай сын­ды нояндары бар біздің команда бастапқы бәсекелерде Испания (45:24) мен Украинадан (45:37) басым түссе, жартылай финалда Францияға (37:45) жол берді. Ал қола медаль үшін тартыста әлем чемпиондары деген атағы бар Израильден (45:29) басым түсті. Сөйтіп, жерлестеріміз қола медальды мойындарына ілді.

– Қазақстанның шпагашылары жаңа деңгейге көтерілді. Жер­лестеріміз Франция, Жапо­ния, Италия, Мажарстан се­кілді мемлекеттердің нояндарымен бірге жер-жаһандағы ең мықты командалардың сана­тына қосылды. Өздеріңіз бай­қасаңыздар, үздік үштіктің қата­рынан көріну біздің жігіттер үшін тұрақты көрсеткішке айналып отыр. Биылғы маусымда өткен жеті командалық турнирдің төртеуінде отандастарымыздың жеңіс тұғырына көтерілуі – осы сөзіміздің айқын дәлелі. Атап айтсақ, Ыстанбұлдағы Әлем кубо­гінің кезеңдік сайысында – алтын, Қытайдағы Азия чемпионатында – күміс, Тбилиси мен Парижде өткен дүбірлі додаларда қола медальды иелендік. Сондай-ақ былтыр Ханчжоуда алауы тұтанған Азия ойындарын да естен шығармаған абзал. Аталған жарыста отандастарымыз Жапония құрамасынан бір ғана ұпай айырмашылығымен ұтылып, күміспен күптелді, – дейді Қазақстан құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Тимур Байтасов.