Қоғам • 23 Мамыр, 2024

Жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж жасағандар жазаланды (видео)

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, деп жазады Egemen.kz.

Жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж жасағандар жазаланды (видео)

Фото: polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік номерсіз, кортеж ұйымдастырған көліктерді тоқтатты. 

Жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді.

Оның ішінде Volvo FH жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты 5 хаттама толтырылды. Ол авариялық жағдай туғызып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына тоқтамаған әрі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жолға шыққан. Сонымен қатар жолдың жүру бөлігіндегі таңбаларда көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарған.

Аталған фактілер бойынша Lada 21144 көлігінің жүргізушісіне үш, ал Lada Granta FL жүргізушісіне екі әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушылар кінәларын мойындады.