Ауа райы • 24 Мамыр, 2024

Маусым айында төрт өңірде құрғақшылық болады - Қазгидромет

1717 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, маусым айында еліміздің 4 облысында құрғақшылық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маусым айында төрт өңірде құрғақшылық болады - Қазгидромет

фото: kz.oqu.news

Синоптиктердің айтуынша, жаздың алғашқы айы ыстық болады.

«Маусым айы ыстық болады, бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанды. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Түркістан, Абай, Жамбыл, Қарағанды ​​облыстарында норма шамасында болады. Маусымдағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде ұзақ мерзімді мәндер шамасында болады деп болжанды. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында нормадан аз болады. Атмосфераның ылғалдануы негізінен нормаға жақын болады, бірақ Қазақстанның бірқатар өңіріне құрғақшылық қаупі қаупі төніп тұр», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Олардың айтуынша, атмосфералық құрғақшылық келесі облыстарда байқалады:

  • Қостанай облысында – Амангелді және Жангелді аудандарында,
  • Маңғыстау облысында – Маңғыстау және Қарақиян аудандарында,
  • Батыс Қазақстан облысында – Казталов ауданында,
  • Қарағанды ​​облысында – Шет ауданында.

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успен ауданында және Павлодар қаласында маусым айында қалыпты ылғалдылық күтіледі.