Бокс • 24 Мамыр, 2024

Олимпиадаға жолдама: Қазақ боксшылары Бангкок рингіне қашан шығады?

757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 мамыр күні Таиланд астанасы Бангкокте олимпиада жолдамасы үшін шаршы алаңға шығатын отандастарымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Олимпиадаға жолдама: Қазақ боксшылары Бангкок рингіне қашан шығады?

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Олимпиадаға лицензия үлестіретін салмақты сайыстың шымылдығы бүгін түрілді. Алайда ел спортшылары жеребе нәтижесінде 25 мамырдан бастап бәсекеге қосылады.

Бокстан Қазақстан құрамасының Бангкоктағы бірінші жекпе-жектерінің кестесі: 

25 мамыр:
50 кг-ға дейін. Назым Қызайбай - Николь Дурикова (Словакия)

26 мамыр:
63,5 кг дейін. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Кристиан Лоренте (Филиппин)

27 мамыр:
60 кг дейін. Римма Волосенко - Мария Ганглбауэр (Германия)
75 кг дейін. Валентина Хальзова - Каролина Махно (Украина)

28 мамыр:
54 кг дейін. Ұлжан Сәрсенбек - Шара Мэй Патрисио (АҚШ)

29 мамыр:
66 кг дейін. Наталья Богданова - Кристина Кулухова (Сербия).