Фото: архив kursiv.media
Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім еткендей, Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін, Махамбет - Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы «Атырау - Астрахань» трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар.
Еске салайық, көлік қозғалысына «Атырау-Орал» трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылы тұсы жабық тұр.