Ауа райы • 25 Мамыр, 2024

Астанада қар жауады: Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райын болжады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Астана тұрғындарына алдағы үш күнде жауын-шашын, соның ішінде қар жауатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада қар жауады: Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райын болжады

Болжам бойынша, 25 мамырда елордада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады), күндіз жаңбыр жауады.

Солтүстік-шығыстан жел соғады 9-14, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 градус жылы.

26 мамырда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады), күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы.

Дүйсенбі, 27 мамырда синоптиктердің болжауынша, Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа бұрылып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.