Таным • 24 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Шетелдегі соңғы қоңырау

143 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы қоңырау – әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық түлектің ор­тақ қуанышы. Елімізде бұл күннің қалай өтетіні белгілі, ал шетелдік түлектер мерекені қалай тойлайды?

Ғалам ғажаптары: Шетелдегі соңғы қоңырау

Польшада мектеппен қоштасу кешін емтиханға 100 күн қалғанда өткізеді. Мерекелік іс-шара өткен соң оқушылар қайта дайындыққа кірісіп, бар уақытын оқуға арнайды. Көрші Қытайда түлектерге барынша еркіндік беріледі. Олар бір жыл бойы қолданған мектеп құралдарын терезеден лақтырып, түрлі ойындар ойнап, ұстаздарымен бірге көңіл көтереді. Еуропаның кейбір елдерінде соңғы қоңыраудың белгісі ретінде арнайы киім стиліне мән береді. Данияда түлектер тек ақ түсті киім киіп, құлпынай жейтін таңғы асқа жиналады. Ал норвегиялық түлектер оқу жылының соңғы аптасында қызыл мен көк түсті комбинезон киеді. Бұл – жылдар бойы сақталып келе жатқан дәстүр. Қызық.

 

Қоңыраудың тарихы

а

Сабақтың басталуы туралы ал­ғашқы белгі б.з.д. VІІІ ғасырда бе­рілген. Ал бүгінде барлық оқу орын­дарының үніне айналған қоңыраудың арғы атасы – Платон.

Ежелгі грек философы балаларды сабаққа су са­ғатының көме­гімен шақырған. Сағаттың дизайны өте қарапайым. Түтікке жалғанған екі ыдыстан тұр­ды. Сабақ жү­ріп жатқан кезде үстіңгі ыдыстан астыңғы ыдысқа су ағып, сабақ біткен кезде тамшылардың аспапқа тамған дыбысы естілген.

Қоңыраудың біз білетін электрлік нұсқасын XIX ғасырда физик Джон Миранд ойлап тауып, XX ғасырда жүздеген мектепке орнатылған. Содан бері қоңырау үні әр адамның балалық шағын еске салатын тәтті дыбысқа айналды.

Сонымен бірге «қоңырау – шіркеу элементі» деген түсінік те бар.

 

45 минут

п

Адамға білім берудің жолдары ғасыр­лар бойы зерттеліп, түрлі көз­қарасқа байланысты өзгеріп отырған. Бірақ балаларды жасына қарай топтап, белгілі бір тақы­рыпты 45 минутта түсіндіруді ойлап тапқан ұстаздың идеясы әлі күнге дейін сақталып келеді.

Ян Амос Коменский – біз үйренген оқу жүйесін қалыптастырған тұлға. Оның енгізген ережесіне дейін мұғалімдер әртүрлі жастағы балалардың барлығымен бір уа­қытта жұмыс істеп, пәндерді аралас өт­кізе берген. Мұндай жүйеде ешқандай білім­нің дұрыс берілмейтініне көз жеткізген Коменский «Ұлы дидактика» атты еңбегінде оқу үдерісінің тиімді тәсілдерін жазды. Сондықтан әр баланың құрдастарымен бірге білім алуының маңызын түсіндіріп, 45 минуттың өзі жаңа тақырыпты меңгеруге жеткілікті екенін дәлелдеген Коменскийдің тарихта қалуы – заңдылық. 

 

Дайындаған–
Әсем ЖАНАТОВА,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті