Фото: Туризм және спорт министрлігі
50 келі салмақ дәрежесінің алғашқы айналымында Назым словакиялық Николь Дуриковамен кездесті.
Отандасымыз Словакия чемпионы, U22 Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері Николь Дурикованы екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.
Словакиялық спортшы бір раундта екі рет нокдаун алып, рингтегі төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
«Бұл әлі қуанатын жағдай емес. Бірінші кездесу болғандықтан алғашқы раундта қарсыласты зерттеп, күшті екінші раундқа салдым», деді Назым Қызайбай Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Осылайша Назым Қызайбай Париж жолдамасы үшін күресін әрі қарай жалғастырады.