Ауа райы • 26 Мамыр, 2024

Ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер дүйсенбі, 27 мамырға арналған Қазақстандағы ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Фото: tolqyn.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.

«Елдің басым бөлігінде түнде жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің солтүстік-шығысында да нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша желдің екпін алуы тән. Солтүстік өңірде бұршақ түседі, орталығымызда қатты жел тұрады, оңтүстік-шығыста түнгі уақытта тұман болады деп болжанады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Түнде Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатады, Түркістан облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда өңірінің шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады. Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.