15 Қаңтар, 2015

90 000

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
қазақстандық биыл әскер қатарына шақыру пункттеріне тіркелетін болады Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айларының аралығында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 16-бабына сәйкес азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізеді. Биыл 1998 жылы туған жасөспірімдер тіркеуге жатады. Тіркеу науқаны барысын­да азаматтар әскери есепке алынып, болашақ әскер қатарына шақырылушылардың саны анықталады. Сонымен қатар жастардың білімі, алған мамандығы, дене даярлығы ескеріле отырып олардың әскери қызметке жарам­дылығы айқындалады. Бозбалалар медициналық тексеруден өтіп, емдеуді немесе медициналық бақылауды қажет ететін жастармен емдеу-сауықтыру іс-шаралары жүргі­зіледі. Ал ден­саулық жай-күйі және басқа да қабілеттері бойынша  жарамды деп танылған әскер қатарына шақырылушыларға әскери оқу орындарында, Қорғаныс министрлігінің маман­дандырылған ұйымдарында білім алу ұсынылатын болады. Балалар үйлерінің, жетім балалар мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілеріне, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Тіркеу науқаны барысында бозбалалармен сұхбаттар өткізіліп, олар Қарулы Күштердің дамуы туралы, әскери қызметтің келешегі, қазақстандық әскерлердің халық­аралық оқу-жаттығуларға, бітім­гершілік операцияларына қаты­суы туралы барлық қажетті ақпа­раттарды алады. «Егемен-ақпарат».