Білім • 26 Мамыр, 2024

Семейде бір сыныпта оқитын үшем мектеп бітірді

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Семей қаласындағы бір мектептен түлеп ұшқан үшем жаңа өмірге қадам басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде бір сыныпта оқитын үшем мектеп бітірді

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, Семей қаласындағы №11 жалпы орта білім беретін мектеп үшін биылғы соңғы қоңырау ерекше болды, себебі түлектер арасында үшем мектеппен қоштасты.

 

Артықжан Гүлгүл, Жайна, Аңсаған есімді үшемдер 2013 жылы мектеп табалдырығын аттаған. Бірінші сыныптан бері бір сыныпта оқиды. Білім жағынан сыныпта алды болып, үшеуі бірдей мектептің барлық іс-шараларына белсене қатысып, ән айтады, би билейді.

Бір қызығы қыздардың таңдап отырған мамандықтары әртүрлі. Гүлгүл қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдап, болашақта мұғалім болғысы келсе, Жайна дизайнерлік мамандықты таңдап отыр, ал Аңсаған болашақта психолог болғысы келеді. Мектепте сүйіп оқитын пәндері: әдебиет және математика.