Қоғам • 27 Мамыр, 2024

Тасқынға тосқын: Соколок бөгеттерін нығайту қарқынды жүріп жатыр

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың басты қорғаныс құрылымы саналатын Соколок арнасы жағаларын бекіту жұмыстарына 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 100-ге жуық азамат тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Тасқынға тосқын: Соколок бөгеттерін нығайту қарқынды жүріп жатыр

Фотолар: Видеоскрин. Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы

Аталған учаскеге жауапты координатор Олжас Сұлтановтың айтуынша, қалаға қауіп төніп тұрған жоқ.

Жұмыстар қарқынды, бөгеттерді қосымша биіктетіп, қаланы аман алып қалу үшін барлық күш жұмылдырылып жатыр. Егер өзен суы бөгетті жарса, арнайы жоспар бар, оған күллі күштік құрылым сақадай сай тұр.

Ақмола ТЖ

Айта кетсек, Соколок арнасы бойымен нығайтылған бөгеттің жалпы ұзындығы – 32 шақырым, ал тұрғызылған бөгеттің биіктігі – 3 м.