15 Қаңтар, 2015

«Отан» спартакиадасы мәреге жетті

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл жолы шаңғы спорты бойынша жарыс жолына алты департамент пен басқарманың өкілдері шықты. Әйелдер 500 метрде, ерлер 1000 метрде күш сынасты. Тартысты өткен бәсекеде облыстық қазынашылық департаменті мен облыстық тек­серу комиссиясының өкіл­дері ұшқырлық таны­тып, жеңіс тұғырының ал­ғашқы екі сатысын олжаласа, жүлделі үшінші орынға об­лыстық мемлекеттік кірістер департаменті табан тіреді. Командалық есепте топ жарғандар мен жекелей есепте көзге түскен мемлекеттік қызметшілер медальдармен және грамоталармен марапатталды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.