Фото: видеодан алынған кадр
Қадыржан Сиюмовтың айтуынша, Сарыөзек арнасының Еркінқала аумағында 30 шаруа қожалығы орналасқан. Соның ішінде, Бестал ауылы бойында 15 шаруа қожалығы тіркелген. Оның алтауы Төтенше жағдай жарияланғалы бері, қауіпсіз аймаққа малын көшіріп әкетіпті. Ал қалған 9-ына бүгін түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
«Тұрғындарға шаруагерлер жайлаудан көшіп, малын қауіпсіз орынға айдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Келген нөпір су Сарыөзек арнасы арқылы Каспий теңізіне кедергісіз өту үшін сумен бірге ағып келген қоқыстарды дер кезінде тазалап жатырмыз», деді Қ.Сиюмов.