Білім • 27 Мамыр, 2024

Еңбек Ері ақ жол тіледі

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы бойынша биыл 1 691 оқушы мектеп бітіреді. Олардың арасынан 38 түлек - «Алтын белгіге» үміткер. Бұл облыстағы білім сапасының жоғары деңгейін байқатады.

Еңбек Ері ақ жол тіледі

Облыстың алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі - Сәтбаев қаласындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия. Тарихы 1974 жылдан басталатын оқу орнындағы соңғы қоңырау салтанатына Қазақстанның Еңбек Ері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, кенші Тұрсынбек Мақышев келіп қатысты. Ол жас түлектерге құттықтау лебізін білдірді.

«Еңбекті сүйіңіздер. Адал еңбекке сүйенген азаматтың алмайтын асуы болмайды. Бәрің де өздерің қалаған мамандық иесі атаныңдар. Ұлытау - жаңа, жас облыс. Осы елдің ертеңі - өздерің. Жоғары білім иесі атанған соң, туған өлкеге қайта оралып, оны түлетуге атсалысыңдар», деді Тұрсынбек Мақышев.

ш

Оның сөзі жас ұрпаққа деген аға буынның аманатындай сезілді.

 

Ұлытау облысы,
Сәтбаев қаласы