Оқиға • 27 Мамыр, 2024

Елордада Мақтымқұлы Фрагиге ескерткіш орнатылады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақын арада Астанада Түрікменстан мәдениеті күнін, Түрікменстанда Қазақстан мәдениеті күнін өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу әріптесі Рашид Мередовпен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада Мақтымқұлы Фрагиге ескерткіш орнатылады

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дәстүрлі түрде бірқатар басым бағыттарды толтырады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, түркімен делегациясын әлемге әйгілі ақын Мақтымқұлы Фрагидің 300 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бұл тарихи тұлғаның әдеби мұрасы түркі мәдениетінің ортақ рухани қазынасы мен дәстүрін сақтап қалған түркімен халқының даналығы мен қайталанбас дүниетанымын көрсетеді. Елордамызда ұлы ақын ескерткішінің салтанатты ашылуын асыға күтеміз», деді Мұрат Нұртілеу.

Сыртқы істер министрлігінің басшысы екі мемлекет басшыларының бастамалары аясында Астанада Түрікменстан мәдениеті күнін және Қазақстан мәдениеті күнін Түрікменстанда өткізуді жоспарланып отырғанын айтты.

— Биылғы күзде Түрікменстанда мәдениет күндерін өткізуге дайынбыз. Ашхабад қаласында күйші Құрманғазы мен данышпан, ойшыл Абайдың ескерткіштерін орнату туралы бастама көтерген түрікмен тарапына үлкен алғысымды білдіремін. Түрікменстанның Анау қаласы биыл түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Біз білім және ғылым саласындағы байланыстарды кеңейту мақсатында жоғары оқу орындарының өзара әрекеттесуіне көмек көрсетуге келісім білдірді. Қазақстандағы 28 жоғары оқу орнында білім алып жатқан 2600-ден астам түрікменстандық студенттер екі елдің жақындасуына үлес қосуда, - деп қосты Мұрат Нұртілеу.