Заң • 28 Мамыр, 2024

БҚО-да 3 жыл бойы ақша жымқырып келген әкімдік есепшісі сотталды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған есепшінің ісін әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.

БҚО-да 3 жыл бойы ақша жымқырып келген әкімдік есепшісі сотталды

Фото: gov.kz

Ол 3 жыл бойы өз шотына негізсіз қаржы аударып отырған. Оның қылмысы штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде анықталды.

Аталған факт бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдаған еді.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеді. 

Айыпталушы бұдан былай лауазымды қызметті атқару құқынан шектеліп, 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді. 

Сотталушының жас баласы бары ескеріліп, жаза мерзімі 2 жылға шегерілді. 

Сот актісі заңды күшіне енді.