Фото:gov.kz
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жөндеу жұмыстары балалардың білім алуы мен тәрбиесі үшін жағдайды жақсартуға бағытталады. Осылайша, өткен жылдың соңында 198 нысанды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Олар күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп, компьютерлік техника жаңартылды.
«Біз балаларымыздың оқуы мен дамуы үшін барынша жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу – болашаққа салынған инвестиция, біз оны әр бала үшін жарқын әрі табысты етуге ұмтыламыз», деп атап өтті мектепке дейінгі тәрбие департаментінің директоры Манар Адамова.
Сонымен қатар республикада балабақшалардың жаңа желілері ашылып, кеңейіп жатыр. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 801 нысанға ұлғайды. Соңғы 5 жылда балабақша кезегіндегілер екі есеге қысқарып, 2 мен 6 жас аралығындағы балалар 91 пайызға жеткен. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті