Аймақтар • 28 Мамыр, 2024

Ақтөбе облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 46,82 теңгеден 44,63 теңгеге дейін (ҚҚС есебінсіз) яғни 4,7%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

Фото: ҰЭМ ТМРК

Төмендетілген тариф осы жылғы 1 маусымнан бастап енгізіледі.

Тарифті төмендету ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жуырда тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Аталған жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізгенін еске салайық.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (облыстың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған облыстың заңды тұлғаларының «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.