Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайын жақсартуға бағытталған. Өткен жылы 198 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, компьютерлік техника жаңартылып, модернизациядан өткен еді.
«Біз балалардың сапалы оқуы мен дамуы үшін жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Мектепке дейінгі ұйымдардың реновациясы – бұл әр баланың болашағын жарқын, табысты етуге салынған инвестиция», деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Айта кетсек, елімізде жаңа балабақшалар да ашылып жатыр. Мәселен, соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 801 нысанға көбейді. Ал соңғы бес жылда балабақшаларға кезектілік екі есеге кеміді, осылайша 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 91%-ды құрады. Осы жылы бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізу көзделіп отыр.