Қоғам • 29 Мамыр, 2024

Адам өліміне күдікті азамат Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Адам өліміне күдікті азамат Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Фото: telegram/GenPr

«Ол 2023 жылы қаңтарда Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен кісі өлтірген. Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза бойынша сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған. Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды», деп хабарлады Бас прокуратура. 

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.  

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35