Көрме • 28 Мамыр, 2024

Да Винчи туындысы – Ұлттық музейде

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аңыз-тұлға Леонардо да Винчидің ең жұмбақ әрі құнды туындыларының бірі – La Bella Principessa Варшава кодексінің Сфорциядасынан алынған сурет. Қылқалам шеберінің пергаменттегі жалғыз туындысы Қазақ­стан жұртшылығының назарына ұсынылмақ.

Да Винчи туындысы – Ұлттық музейде

Бұл мүмкіндік Астанадағы Италия елшілігінің, Forte­Bank, Mastercard, Scripta Maneant және Италия мәде­ниет инс­титутының, сондай-ақ елі­міз­дің Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қол­да­уымен жүзеге асырылады. Көрме Ас­танадағы Ұлттық музейде 7 маусым мен 4 тамыз ара­лығында өтеді.

La Bella Principessa – XV ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи салған италиялық ақсүйектер отбасынан шық­қан жас қыздың портреті. Италия елшілігінің хабарлауынша, бұл туынды – шебердің жұмбақ әрі тартымды туындыларының бірі. Бұ­ған дейін картина әлем бойынша 5 рет қана қойылған.

«Мәдениетті ілгерілету – Ита­лия мен Қазақстан арасындағы диа­лог­тің қуатты қозғалтқышы. Лео­­нардо – мәңгілік талант пен шы­ғармашылық иесі. Оның бір туындысының

Астанадағы көрмесі – екі ел ара­сындағы ынтымақтастықты ны­ғай­ту­дың бірегей мүмкіндігі», дейді Ита­лияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти.

«ForteBank» АҚ басқарушы директоры Әлия Есжан да Леонардо да Винчидің өлмес туындысын әр адам жоғары эмоциямен тамашалайтынына сенімді.